“Атыраулық хакер” ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aXsePn6hrM7g9JyoK8k9H3ioSNna08kGVX7zQ5TN.avif

Түркияда «Атыраулық хакер» есімімен танымал күдікті ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде «Атыраулық хакер» деген лақап атпен танылған Атырау облысының тумасы Түркияда қолға түсті. Самсун қаласындағы операцияны Интерпол қызметкерлері жүргізді.

Бұған дейін полиция департаменті бұл азаматтың бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікті екенін хабарлаған. 

Іс қозғалып, қаңтар айында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Осыдан кейін ол халықаралық іздеуге жарияланды.

«Ақпан айында ол Түркияның Самсун қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы күдіктіні экстрадициялау (қайтару) туралы сұраныс дайындау үшін қолдаухат жолдады», — деп хабарлады облыстық прокуратура.
Бұл азамат Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне қатысты оқиғадан кейін желіде кеңінен танылды. Ол өзін «хакер» деп таныстырып, жоғалған адамдарға қатысты «жеке тергеу» жүргізгенін мәлімдеген видеоларымен танымал болған.

Yorumlar
Diğer Haberler