Семейлік оқушы Наурыз ҰБТ-дан 140 бал жинады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Vdx3z0Th8XJC24FRQlqI5ns3b8KvLhXeaw3cqqXR.webp

Абай облысы, Бородулиха ауылының тумасы Ерасыл Сайлауов Наурыз ҰБТ-дан 140 бал жинады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол қазіргі таңда Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және «Тарих мектебі» білім беру орталығының түлегі.

Ерасыл Наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген. Аталған көрсеткіш негізінде ағылшын тілі пәнінен 50 баллдық конвертация жасалды.

«Жасөспірімнің бос уақытының басым бөлігі кітап оқуға және шет тілдерін меңгеруге арналады. Тіл үйренуге деген қызығушылығының нәтижесінде ол 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сонымен қатар, волейбол спортымен тұрақты түрде айналысады»,-делінген хабарламада.

Ерасылдың негізгі мақсаты — нағыз ҰБТ-да дәл осы нәтижені қайталап, 140 балл иегері атану және «Дипломатия» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу.

Yorumlar
Diğer Haberler