Иранның жоғарғы басшысы болып Моджтаба Хаменеидің сайлануы Парсы шығанағы елдерінде үлкен алаңдаушылық тудырды. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Шетелдік БАҚ қақтығыстар басталғаннан бері күнделікті Иранның шабуылдарына ұшырап келе жатқан елдер үшін бұл шешімнің қазіргі әскери жағдайдың сақталуы дегенді білдіретінін мәлімдеді.
Телеарна мәліметінше, аймақ елдері Хаменеи жасаған келесі әрекеттерді бақылауға ниетті.
«Мүмкін жаңа көшбасшы күтпеген ұсыныс жасайды немесе оларды таңғалдыруы мүмкін», — деп жазылған мақалада.
Бұған дейін Иранның сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы етіп тағайындағанын жазған едік.
