ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
2026 жылғы 8 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ақмола облысы:
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығында (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы) .
Павлодар облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135 — 1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті);
- «Астана-Шидерти-Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автожолының 200–415 шақырым аралығы (Атамекен ауылы- Ақмола шекарасына);
- «Қалқаман — Баянаул — Үміткер — Ботақара» автожолының 0 — 231 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы — Қалқаман кенті)
Жолды 2026 жылы 9 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы:
2026 жылғы 8 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1066 — 1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті — Павлодар облысының шекарасы);
- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231 — 324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара кенті).
Жолды 2026 жылы 9 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
