Әлем чемпионатында топ жарған спортшы елге оралды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/D4wlS7RuegcDWujWvDpqFUbuIEK4dYi4sfoicEAM.webp

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңген қазақстандық спортшы Кристина Шумекова елге оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Чемпионатта Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, кіші көпсайыс пен командалық спринтте алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, 3000 метрде күміс жүлде жеңіп алып, жалпы ұпай санымен жасөспірімдер арасындағы әлемнің абсолютті чемпионы атанған.

Спортшының айтуынша, чемпионат алдында медаль алатынын сезгенімен, 500 метр қашықтықта бірінші орынға шығатынын күтпеген.

«Чемпионатқа дейін медаль алатынымды сездім, бірақ 500 метрде емес. Себебі маусым бойы бұл қашықтықта Әлем кубогы кезеңдерінде жүлде бұйырмады. Ал дәл әлем чемпионатында бірінші орын алдым», – деді Шумекова.

Yorumlar
Diğer Haberler