Дәліздегі кептеліс. Ақтауда мектеп директоры жазаланды

389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/csCI5L85lzTnZhgnA3QYb8Dx2bv3KN12FRD4Cc6b.jpg

Ақтау қаласындағы №11 лицейде оқушылар сыртқы киім ілінген орынға жаппай бет алып, бір-бірін таптап кете жаздаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 23 ақпанда болған. Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2-ауысымның 6-сабағы аяқталғаннан кейін дәлізде шамамен үш минутқа созылған кептеліс болған.

«Бұл уақытта кезекші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі тарапынан қажетті бақылау ұйымдастырылды. Тексеру де оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар немесе жағдайлар тіркелмегенін көрсетті. Мектеп әкімшілігіне қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды»,-делінген хабарламада.

Осыған қарамастан, оқу орны директорына қатысты тәртіптік шара қолданылған. Қазіргі таңда оқу процесі штаттық режимде жалғасып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler