Ұлттық музейде «Алтын Орда» залы ашылды

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/f98jnaecpanHH4OLTxCTVXtdbXYQ3k6xq039Y3Ir.jpg

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» атты жаңа экспозициялық зал ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы kazmuseum.kz-ке сілтеп.

Экспозицияда музей қорынан алынған XIII–XIV ғасырларға жататын 200-ден астам жәдігер қойылған. Олар Алтын Орданың мәдениеті, тұрмысы мен қоғамдық өмірін көрсетуге арналған.

Залдың «Қалалық мәдениет» бөлімінде сол дәуір тұрғындары мен билеушілердің қолданған тұрмыстық бұйымдары мен зергерлік әшекейлер көрсетілген. Сондай-ақ, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған, Шағатай әулетінің жоғары көшпелі ақсүйектеріне тиесілі салтанатты киімдер мен жібек маталар фрагменттері ұсынылған.

«Алтын Орданың әскери өнері» бөлімінде әскери киім үлгілері мен қару-жарақтар – жебе ұштары, қылыштар, қорамсақтар және басқа да бұйымдар көрермен назарына ұсынылады.

«Мемлекеттік құрылым» бөлімі Алтын Орданың басқару жүйесін таныстырып, билеушілер шежіресі арқылы Қазақ хандығымен тарихи сабақтастықты айқындайды.

Музей басшылығы экспозицияның көрермендерге Алтын Орда дәуірінің мәдени, саяси және әскери өмірін жан-жақты таныстыруға бағытталғанын атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler