Қызылордада автосервис дүкені өртенді

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

22 ақпан таңертең Қызылорда қаласы Жеңіс көшесі бойында екі қабатты автосервис дүкенінің бірінші қабатында орналасқан авто бөлшектер қоймасы өртенді, деп хабарлайды "Адырна".

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 50 шаршы метр алаңда туындаған.

"ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндірді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің екі қабатты ғимараттың қалған бөлігіне таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", делінген хабарламада.

Yorumlar
Diğer Haberler