Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингтерін тұрақты болжаммен растады

58
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GBdL735rgAplSyu8kh6IzZG9F1y3FrESJiyq4RDn.jpg

Халықаралық Moody’s рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингтерін растады. Болжам — тұрақты.

Moody’s Kaspi-дің жоғары тиімділігін, капитал мен өтімділік қорының жеткілікті екенін, нарықтағы көшбасшы позициясын және экономикалық циклдерге төзімділігін атап өтті.

«Kaspi.kz» АҚ-тың шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтері, сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар рейтингі Baa3 деңгейінде расталды. Ұлттық өлшем бойынша ұзақ мерзімді эмитент рейтингі — A2.kz.

«Kaspi Bank» АҚ-тың ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтері және контрагенттік тәуекел рейтингтері де Baa3 деңгейінде расталды. Қысқа мерзімді депозиттік рейтингтері мен контрагенттік тәуекел рейтингтері — Prime-3 деңгейінде.

Yorumlar
Diğer Haberler