Трамптың шақыруымен. Тоқаев АҚШ-қа барады

216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sf2rYYyk4Zb0PFwOo8CrBoZf4QxLXkLAWnSgw1o5.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін, 18 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«18-19 ақпан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады»,-делінген хабарламада.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән берілмек. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Yorumlar
Diğer Haberler