“Шығу тегі – ресейлік”. Спортшы өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді

144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8tdbXh5iQ9iyep81XK5dpu9KcpNlE9w68sUhdhOH.jpg

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Спортшы Михаил Шайдоровты қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін “шығу тегі – ресейлік” деген мәлімет тарады.

2024 жылдың соңында Гран-при кезеңіндегі сәтті өнерінен кейін кейбір шетелдік басылымдар спортшыны ресейлік деп атаған. Сондай-ақ Миланда өткен Олимпиадада алтын медаль иеленгеннен кейін де осындай мәліметтер тараған.

Өткен жылдың қаңтар айында Sport+ арнасындағы “Тікелей әңгіме” бағдарламасында Шайдоров бұл пікірлерді өзіне жасалған құрметсіздік деп бағалады.

“Мен Алматыда дүниеге келдім. Сол жерде өстім және қазір де тұрып жатырмын. Уақытымның көп бөлігін Қазақстанда өткіземін. Маған жетекшілік етіп жүрген бапкерім Алексей Урмановпен жұмыс істеу – үлкен мүмкіндік. Бірақ мәнерлеп сырғанауды Алматыдағы “Рамстор” сауда орталығының мұз айдынында бастадым. Бұл – Қазақстандағы алғашқы мұз айдындарының бірі. Сол жерде көптеген спортшы, соның ішінде Денис Тен де жаттыққан. Ресейде оқу-жаттығу жиындарына қатысқаным рас, алайда мені ресейлік спортшы деп атау – дұрыс емес”, - деді ол.

Yorumlar
Diğer Haberler