Полиция қызметкері боранды күні жолда қалған көліктерге көмек көрсетті

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/omKdChsbFrRgt3IqMcnp8awRlqQRfxxdSdMRQ6JN.webp

Павлодар облысында ауа райы нашарлап, көлік жүргізушілері жолда қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

11 ақпан күні Павлодар – Астана тасжолында патрульдік полицияның аға инспекторлары Жақсылық Мусабаев пен Темірбек Аманжол қар құрсауында қалған шамамен 10 автокөлікті шығарып, оларды қауіпсіз жерге дейін шығарып салған.

Сонымен қатар Ақтоғай ауданында аға мемлекеттік автоинспектор Дамир Уляев жолды тексеру барысында жол жиегінде тұрған жүк көліктерін байқайды. Белгілі болғандай, жүргізушілер бірнеше сағат бойы жолда қалған. Күшті жел соғып, көру мүмкіндігі нөлге дейін төмендеген. Полицей жақын маңдағы базаға дейін 3 шақырым жүгіріп барып, жүргізушілерге бағыт көрсеткен.

Полиция қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына ауа райы болжамдарын қадағалап, жолдар жабылған жағдайда сапарға шықпауға кеңес берді. 

Yorumlar
Diğer Haberler