Роналду «Әл-Насрдағы» бойкотын тоқтатты

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aaHIfAf3MplkCTRwGL5kRyjVhyFs30DFxo6sOgzb.jpg

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубындағы бойкотын тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ мәліметінше, Роналду клуб басшылығының кейбір қызметкерлерге жалақыны кешіктіруіне наразылық білдірген. Футболшының бойкотынан кейін «Әл-Наср» қарыздарын толық өтеп, өткен жылдың желтоқсанында өкілеттігі шектелген португалиялық директорлар Жозе Семеду мен Симау Коутиньюдің қызметтік құзыретін қайта қалпына келтірді.

Айта кетейік, Роналдудың бойкотына байланысты Сауд Арабиясы футбол лигасының матчтарын көрсету құқығына ие америкалық FOX Sports телеарнасы ел чемпионатының ойындарын уақытша тоқтатқан.

Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол команда құрамында 127 матч өткізіп, 111 гол соққан.

Yorumlar
Diğer Haberler