Әзілкеш Нұрлан Сабуров Қазақстанға келді

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/J1dnYtxew8Wr8kvb4IerbU77e1fCroB8dxWtveRx.jpg

Әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеуден Алматыға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы 04:50-де қонған. 

Әуежай қызметкерлері журналистерге әзілкештің келуін фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеген. Ал әртістің өзі жағдайына қатысты ешқандай пікір білдірмей, өзімен бірге келген бірнеше адаммен әуежайдан кетіп қалған.

Еске салсақ, 34 жастағы қазақстандық әзілкеш әрі жүргізуші Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынуы мүмкін екені туралы хабарлаған едік.

Yorumlar
Diğer Haberler