Мұғалімнен қаржы магнатына дейін. Елді дүрліктірген Эпштейн туралы не белгілі?

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kpPimSy625LN1zaHQwJ1rSZbd0wBKtrjsoSu8tXA.webp

2026 жылдың қаңтарында АҚШ әділет министрлігі қаржы магнаты Джеффри Эпштейннің ісі бойынша жаңа құпиясыздандырылған материалдарды жариялаған. Ашық деректердің көлемі 3,5 миллион беттен асып, бұл іс әлемдік деңгейде тағы да үлкен резонанс тудырды.

Жарияланған материалдарға куәгерлердің көрсетулері, жеке хат алмасулар, күнделікті жоспар жазбалары және басқа да дәлелдер кіреді.

Оның ісі әлем назарын аудартқан. 

АҚШ қаржыгері Джеффри Эдвард Эпштейн туралы не белгілі?

АҚШ қаржыгері Джеффри Эдвард Эпштейн 1953 жылы 20 қаңтарда Нью-Йорк қаласында дүниеге келген.

1974 жылы Джеффри Эпштейн Манхэттендегі Далтон мектебінде физика және математика пәнінен мұғалім болып жұмыс істей бастады. Мектептің көптеген оқушылары елдегі ең бай отбасылардан шыққан. Ол 1976 жылға дейін сабақ берген, бірақ «нашар көрсеткіштері» үшін жұмыстан шығарылған.

АҚШ БАҚ дереккөздердің мәліметінше, мектепте жұмыс істеген кезінде Эпштейн Беар Стирнс компаниясының бас директоры Алан Гринбергпен танысқан. Гринбергтің балаларын сол мектепке оқуға берген. Эпштейннің зейіні мен амбициясынан әсерленген Гринберг оған Беар Стирнс компаниясына жұмысқа тұру туралы ұсыныс жасайды.

Оқыту саласын кеткен Эпштейн кейін банкинг және қаржы саласына кіріскен. Беар Стирнсте жеке есепшот арқылы бағалы қағаздарды сатып алу трейдердің төменгі деңгейдегі ассистенті болып жұмыс істеді. Қаржылық талдау және сауда әрекеттері арқылы Эпштейн едәуір байлық жинап, мультимиллионерге айналды.

1981 жылғы тамызда Джеффри Эпштейн өзіне тиесілі Intercontinental Assets Group Inc. консалтингтік компаниясын құрды. Компания өз клиенттеріне алаяқ брокерлер мен заңгерлердің ұрлаған ақшаларын қайтаруға көмектесетінін мәлімделген.

Жылдар бойы Джеффри Эпштейн жаһандық қаржы, саясат және мәдени элитаның белгілі тұлғаларымен ұзақ мерзімді іскерлік және әлеуметтік байланыстар орнатты. Олардың қатарында Дональд Трамп, Кевин Спейси, Билл Клинтон, Алан Дерсовиц және Ұлыбританияның Елизавета ІІ-нің ұлы, Йорк герцогы Эндрю принцтері бар. Эпштейнмен тығыз байланысы салдарынан, кейін Эндрю принц корольдік міндеттерінен бас тартуға мәжбүр болды.

Эпштейнге қатысты қылмыстық іс

2005 жылы Флорида штатының Палм-Бич қаласында полиция 14 жасар қызға қатысты Эпштейннің әрекеті туралы хабарлама алғаннан кейін тергеу басталды. Тергеу барысында 36 қыз анықталып, олардың кейбірі 14 жастағы жасөспірімде, кәмелетке толмаған қыздар болғаны туралы ақпаратын тарады.

2008 жылы Эпштейн кінәсін мойындап, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және өзгені сол әрекетке үгіттеу баптары бойынша 13 айға сотталған. 

2019 жылы Эпштейн қайтадан ұсталып, федералдық айыптар тағылды. Ол кәмелетке толмағандарды сексуалды эксплуатация мақсатында саудалау бойынша айыпталды. Алайда 10 тамызда Нью-Йорктегі тюремінде қайтыс болды. Оны басты сот-медициналық сарапшы Барбара Сэмпсон «өз-өзіне қол жұмсау» деп бағалағанымен, басқа сарапшылар бұл қорытындыға күмән келтіріп, теориялар мен даулы пікірлер туғызды. 

Yorumlar
Diğer Haberler