Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UgP3gq6r5VYYgtB6qJLfgKc7dNlvcNKTBXaQfqEh.webp

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, 3 ақпан күні  Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы келді. Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте тіршілік белгілерінсіз туған», – делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталды. Олар баланың тірі туылмағанын, ал стрестен кейін осындай қылмысқа барғандарын мәлімдеді. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған қала тұрғыны анықталды.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

 

Yorumlar
Diğer Haberler