Қазақстандықтар балықты онлайн аулай алады

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L8soP8QYFtZlHM43t96C7psNLguerGCbuzNKUG4u.webp

Қазақстандық стартап интернет арқылы қашықтан балық аулауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны әзірледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы «Техномотель» Telegram-арнасы хабарлады.

Бұл сервис арқылы әлемнің әр түкпіріндегі қолданушылар үйден шықпай-ақ смартфон көмегімен балық аулай алады.

Пайдаланушы роботтандырылған қармақты интернет арқылы басқарып, үдерісті нақты уақыт режимінде қармаққа орнатылған камера арқылы бақылайды. Ал балық ілінген жағдайда, сол жерде жұмыс істейтін маман келіп, олжаны қармақтан шешіп алады.

«Барлығы өте қарапайым. Қосымшаға кіресіз, сіз балық аулаудасыз. Экранда – қармаққа орнатылған камераның бейнесі және басқару батырмалары. Оңға, солға, жоғары, төмен. Жіпті түсіру, ілу батырмасы бар. Егер жолыңыз болса – балықты тартып шығарасыз. Бұл ойын емес. Бұл – одан да керемет», – делінген бағдарламада.

Мұндай сервис Алматы маңындағы бір көлде жұмыс істеп тұр. Алайда жобаны жасаушылар болашақта қашықтан балық аулау жүйесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта бұл сервиске Мексика, Италия және Норвегиядағы су айдындарын қосу көзделген.

Yorumlar
Diğer Haberler