Абу-Дабиде өтетін үшжақты келіссөз кейінге шегерілді

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6rYvWqFRcr5sifdwOsEJiWo1tw2VYm1cqgMgukJz.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздер 4–5 ақпан күндері Абу-Даби қаласында өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы BILD жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін келіссөз 1 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктері астанасында басталады деп жоспарланған болатын.

Украина басшысы елінің мазмұнды әрі нәтижелі диалогқа дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, келіссөздер барысында бірқатар техникалық мәселелер бойынша ілгерілеу бар, алайда негізгі саяси келіспеушіліктер әлі де сақталып отыр.

Сонымен қатар, АҚШ тарапы Ресеймен жеке форматта байланыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, америкалық келіссөз жүргізуші Стив Уиткофф Майами қаласында Ресей өкілі Кирилл Дмитриевпен өткен кездесуді нәтижелі деп бағалаған.

Осыдан кейін АҚШ пен Ресейдің Флорида штатындағы келіссөзі қалай өткенін БАҚ хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler