Сайлау тәртібіндегі өзгерістер айтылды

581
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xG2kq9yYYC1tEXewj3ISxCIsLKq3EQwuUjP6aF2n.jpg

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сайлау өткізудің тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұсынысқа сәйкес, президенттің қызметтен мерзімінен бұрын босатылған, отставкаға кеткен немесе қайтыс болған күнінен бастап жеті күн ішінде Құрылтай президент сайлауын өткізуді жариялайды. Ол Құрылтайдың тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап екі ай ішінде өткізілуі тиіс.

«Президент өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуыы – саяси жүйе үшін ең сезімтал сәттердің бірі. Құрылтай шешім қабылдаудың нақты мерзімін белгілегенде мемлекет әрекеттерінің жылдамдығы мен болжамдылығы қамтамасыз етіледі. Жеті күндік мерзім сайлауды жариялау үшін мемлекеттік конституциялық кепілдік функциясын атқарады, үдерістің созылып кетуіне және пайда болған үзілісті саяси мақсатта пайдалануға жол бермейді»,-деді Сәрсембаев Конституциялық комиссияның отырысында.

Әділет министрінің айтуынша, Құрылтайдың президенттік сайлауды жариялаудағы жетекші рөлін бекіту билік тармақтарын бөлу және институттық теңгерім принципін көрсетеді.

Қазіргі Конституциясының 48-бабына сәйкес, президент қайтыс болған жағдайда өкілеттіктер сенат төрағасына, мәжіліс төрағасына немесе премьер-министрге көшеді, ал мерзімінен бұрын сайлау екі ай ішінде Парламент арқылы тағайындалады.

Yorumlar
Diğer Haberler