Қырғызстанда 3 жаңа су электр станциясы салынбақ

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GvB069ztVetYKEhgoT3CGXMA8umeQmLz8BcEORhg.jpg

Қырғызстанда Казарман ГЭС каскады жобасы аясында үш жаңа су электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Адырна" порталы Caliber.Az сайтына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 2 тамызда Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті мен «Ортаазиялық инвестициялық холдинг» АҚ арасында жобаны іске асыру бойынша инвестициялық келісімге қол қойылған.

Жоба электр энергиясын өндіретін станцияларды жобалауды, салуды, пайдалануды және қызмет көрсетудіқамтиды. Каскад құрамына мыналар кіреді:

  • Алабугин ГЭС — 600 МВт

  • Қара-Бұлұң-1 ГЭС — 149 МВт

  • Қара-Бұлұң-2 ГЭС — 163 МВт

«Каскадтың жалпы белгіленген қуаты 912 МВт болады. Келісімге сәйкес, инвестиция көлемі шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражаттың барлығын инвестор мемлекет тарапынан қаржылай қатысусыз толықтай өзі бөледі», — деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Yorumlar
Diğer Haberler