Жол апатынан үш адам қаза тапты

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Түркістан облысында болған жол апатынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты жергілікті полиция департаменті растады.

Апат Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт–Жібек жолы тас жолында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia автокөлігінің жүргізушісі HAVAL маркалы көлікке соғысқан.

Оқиға орнында үш адам көз жұмды, ал бірнеше жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда жол апаты бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, қылмыстық іс қозғалды.

Yorumlar
Diğer Haberler