Менің ойым мен дұғам Иран халқымен бірге - Мадонна

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sMvOe4KML0jOXuN7OYuBOV3JvQPSRNp4BQemi3Ur.webp

Әлемге танымал поп-жұлдыз Мадонна Ирандағы наразылық акцияларына қатысып жатқан азаматтарға қолдау білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Әншінің айтуынша, Иранда әйелдер мен азаматтар сөз бостандығы, киім кию және еркін қозғалу құқықтарына қатысты түрлі шектеулерге тап болып отыр. Осы себепті ол елде өзгерістерді қалайтын жандардың жағында екенін атап өтті.

«Иран халқы ғасырлар бойы еркіндікті сезінген жоқ. Олардың қандай қиындықтардан өткенін толық түсіне алмауым мүмкін, бірақ менің ойым мен дұғам Иран халқымен бірге», – деп жазды Мадонна.

Айта кетейік, соңғы апталарда Иранда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты жаппай наразылықтар жалғасып келеді.

Yorumlar
Diğer Haberler