Ауылдағы апат. Тұрғын үйдегі өрттен екі бала қаза тапты

263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/boSQ6S6NPtgQMYJBCkpjuqihH2pVtF3ZSP2yM30D.jpg

Жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Павлодар облысының Ертіс ауылында болған.

Өрт туралы хабар 8:33-те түскен, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 8:36-да оқиға орнына жеткен.

ТЖД мәліметінше, үй толықтай отқа оранған. Жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып, қою түтін байқалған.

Өрттен үш кәмелетке толмаған бала құтқарылып, жедел жәрдемге тапсырылды.

Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған.

Алайда, 2018 және 2021 жылы туған екі бала ауруханада көз жұмды.

Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілген. Қазіргі таңда оның шығу себептері анықталуда.

Yorumlar
Diğer Haberler