АҚШ өз азаматтарын Ираннан шұғыл кетуге қайта шақырды

167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l1poKYx3T75ePeiDE3sWBVSCEBvFGvhBTeq1j82T.jpg

АҚШ-тың Әзербайжандағы елшілігі Иранда жүрген өз азаматтарына елден тез арада кету жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Елшілік «X» платформасындағы хабарламасында АҚШ азаматтары Ираннан Түркия немесе Армения арқылы құрлық жолымен шыға алатынын атап өтті.

12 күндік соғыстан кейін Ираннан Әзербайжанға АҚШ азаматтарының кіруіне шектеу қойылған еді. Елшілікте америкалықтарға балама бағыттарды қарастырып, уақыт оздырмай шара қабылдау қажеттігі ескертілді.

«Ираннан Түркия немесе Армения арқылы құрлық жолымен шығуды ойластырыңыздар. АҚШ азаматтары елден кетудің балама жолдарын қарастыруы тиіс», — делінген хабарламада.

Yorumlar
Diğer Haberler