Трамп Украинадағы бейбіт келісімге Мәскеу емес, Киевтің кедергі келтіріп отырғанын айтты

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3b0jIvc5EszCyZgFUkUeQcdIYE23au03HPdRmASR.webp

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Трамп бейбіт келісімнің жасалуына Мәскеу емес, Киев кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.

«Менің ойымша, Путин мәмілеге келуге дайын, Ал Украина дайын емес сияқты»,-деді ол.

Трамптан не себепті Зеленскийдің келіссөздерді созып отырғаны сұралды.

«Маған жай ғана ол үшін бұл оңай емес сияқты көрінеді», — деп жауап берді президент.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің қаңтар айында Мәскеуге баруды жоспарлап отырғанын жазған еді. Агенттік мәліметі бойынша, олар Ресей басшысымен кездесіп, Украинаға қатысты жаңартылған бейбіт жоспарды беру мақсатында кездесуді өткізуді ойлап отыр. Бұған дейін осындай форматтағы келіссөз 2 желтоқсан күні өтіп, шамамен бес сағатқа созылған еді. Владимир Путин кездесуді «өте пайдалы» деп бағалап, кейбір мәселе бойынша келісімге келу мүмкін болмағанын атап өткен.

 

 

 

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler