TikTok-та қазақтарды қорлаған әйел сотталды

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5yhY7D5YZOIGMIFE1qdP3Piq5vKrAWKeEoWwU9iG.webp

Қостанай қаласындағы №2 сот жергілікті тұрғын Юлия Хонды TikTok әлеуметтік желісінде қазақтарды қорлағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tobolinfo-ға сілтеп.

Сот үкімімен Қазақстан азаматы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танылды. Ол жазасын ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың қараша айының басында, шамамен 03:45-те, әйел мас күйінде TikTok желісіне кіріп, өз аккаунтынан тікелей эфирге шыққан. Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс тақырыбы талқыланған эфир барысында ол әңгімелесушілерге ұлттық белгісі бойынша бейәдеп әрі қорлайтын сөздер айтқан. Сот бұл әрекеттерді ұлттық араздықты қоздыруға бағытталған деп бағалады.

Судья Ольга Кузнецова айыпталушының кінәсі тікелей эфирдің жазбасымен, сараптамалық қорытындылармен және куәгерлердің көрсетулерімен дәлелденгенін айтты. Үкім жарияланғаннан кейін Юлия Хон сот залында қамауға алынды. Сондай-ақ ол 826 мың теңге көлемінде процессуалдық шығындарды өтеуі тиіс.

Істе жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыпталушының жол-көлік оқиғасынан кейін көру қабілетінен айырылған ұлының бар екені және оны емдетуге қаражат жұмсап жүргені, сондай-ақ бұрын сотталмағаны ескерілген.

Айыпталушының адвокаты Валерий Ли сот отырысында тікелей эфир кезінде оның қорғауындағы әйелдің де қорланғанын, әрі ол бүкіл ұлтты емес, нақты бір адамды тілдегенін алға тартты. Қорғау тарапы сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler