Болатбек Нәсенов Ресейден өзі жинаған құжаттарды архивке өткізді

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qltBwvIKCcqLivmisXKkjior2I3lRxITmuP5GIi1.jpg

Архив деректерін ұзақ жылдар бойы жинақтап, ғылыми айналымға енгізіп келе жатқан Болатбек Нәсенов жеке қорындағы бірқатар құнды тарихи құжаттарды Орталық мемлекеттік архивке ресми түрде тапсырды. Бұл туралы архивтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Болатбек Нәсенов бұл қадамды ұлттық тарихи мұраны сақтау, архив қорын байыту және болашақ зерттеушілерге қолжетімді ету мақсатында жасап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жеке қолда сақталған тарихи құжаттар тек ғылыми еңбектерде ғана емес, мемлекеттік архивтерде жүйелі түрде сақталуы тиіс.

"Архивке тапсырылып жатқан материалдар арнайы сараптамадан өткізіліп, белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алынады. Кейін бұл құжаттар тарихшылар мен зерттеушілер үшін ашық дереккөз ретінде пайдаланылмақ". делінген архив хабарламасында.

Айта кету керек, Болатбек Нәсенов ұзақ жылдар бойы шетел және отандық архивтерден жиналған тарихи деректерді зерттеп, көптомдық ғылыми еңбектер жариялап келеді. Оның жеке архив қоры – Қазақстан тарихын тереңірек тануға мүмкіндік беретін маңызды дереккөздердің бірі.

Yorumlar
Diğer Haberler