Анджелина Джоли Газаға барды

453
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7Rq4B8TqxyiwPQi0a0VhMxnR2yQgL6uUqDbuH1de.jpg

Америкалық актриса, БҰҰ-ның босқындар мәселелері жөніндегі бұрынғы арнайы елшісі Анджелина Джоли Газаға барды.  Бұл туралы Agenzia Nova жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ол Әл-Ариш ауруханасын және Рафах шекара бекетінің египеттік бөлігін аралап, Қызыл Жарты Ай ұйымының өкілдері мен Газа секторына гуманитарлық көмек таситын жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесті.

БҰҰ-ның босқындар мәселелері жөніндегі экс-елшісін Газадағы сапары кезінде Солтүстік Синай губернаторы Халед Мегавер алып жүрді. Жалпы, губернатор палестиналық жарақат алған азаматтардың Египеттегі жағдайын көзімен көріп, шекарадағы гуманитарлық көмекті тарату жұмысын тексеру үшін келген. Оған еріп келген әйгілі актриса да палестиналықтардың жағдайымен қанықты.

Сапар барысында Джоли Газаға гуманитарлық көмекті жеткізу қалай ұйымдастырылатынымен танысып, жүк қабылдау мен таратуға тартылған нысандарды аралады. Сондай-ақ ол Эль-Ариш қаласындағы ауруханаға барып, жараланған палестиндіктердің қалай емделіп жатқанын көрді.

Рафах бақылау-өткізу пунктінде актрисаға гуманитарлық жүктерді кіргізу үдерісі мен көмекті үйлестіретін қызметтердің жұмысы көрсетілді. Сапар Газа секторындағы күрделі гуманитарлық ахуал жалғасып жатқан кезеңде өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Анджелина Джоли Украинаға да барып, майдан шебіне жақын өңірлерде болып, соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан отбасылармен кездескен еді.

Yorumlar
Diğer Haberler