Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

556
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cuaYDDyTK8shFochEr6OczyWtWxEmxzQ3azpxMab.jpg

2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, жылқы жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады.

«Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ»,- деді ол.

Одан бөлек, президент шағын және орта бизнестің әрдайым мемлекет назарында болатынын атап өтті.

«Барлық өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, жолдар жөнделеді, сондай-ақ тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары бой көтереді»,-деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Yorumlar
Diğer Haberler