Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

173
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gzVYZ7anyHdlQgrvYvLEEaQCCkfEhATwnRtOQNE4.jpg

Бас көлік прокурорының м.а. Сәкен Жорабековтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде - көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің жалпы кемуі байқалғанымен, ауыр қылмыстардың, соның ішінде поездарда жасалу қаупі, сондай-ақ есірткі құралдары мен суық қарудың заңсыз айналымы фактілері сақталып отырғаны атап өтілді.

Отырыс барысында алдын алу шараларын, ведомствоаралық іс-қимылды, тыйым салынған заттардың айналымына бақылауды күшейту, сондай-ақ оларды өткізуді және жарнамалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты ден қою шараларын қабылдау қажеттігіне баса назар аударылды.

Сонымен қатар есірткі қылмысына, кибералаяқтыққа, теміржол көлігіндегі жүк ұрлығына қарсы іс-қимыл, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік сипаттағы жалған хабарламалардың алдын алу мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымы нысандарында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Yorumlar
Diğer Haberler