Нұрдәулет Сүйіндіков Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін, 30 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, ол бұл қызметке 2023 жылғы қазан айында тағайындалған болатын.