Белгілі құқық қорғаушы өмірден озды

427
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WttqtVZ2yBOCQF2tnSMjh30OmPIL4dJTtO4vzHLG.jpg

23 желтоқсанда белгілі құқық қорғаушы және азаматтық белсенді Ринат Рафхат өмірден озды. Қаралы хабарды Facebook желісінде Құрал Сейітханұлы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ол – саяси оппозициялық бағытта күрескен азамат, 2016 жылғы Атырау қаласындағы бес мың адам жиналған митингке қатысқан жігіт. Кейбіреулер секілді митингке шықпаса да, өтірік оппозициялық посттар жазып, масқара болған жоқ. Ринатпен бірге талай митинглерде, талай ұзақ сапарларда болдық. Екеуміз ғана кездесіп, сағаттап отырып әңгімелескен кездеріміз болды. Соңғы рет Ринатты үш жыл бұрын Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовтің даулы сотында көріп едім. «Ооо, Құреке» деп жақсы амандасып еді.Туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын!»-деп жазды ол.

Айта кетейік, Ринат Рафхат 8 жыл бойы Айна Шорманбаева бастаған «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымында істеген. Марқұм адам құқықтары, әділ сот пен заңдылық мәселелерін ашық көтерген қоғамдық белсенді болды. Ол Қытайдан келген, туыстары концлагерьлерде қалған азаматтардың мәселелерін көтерген. Сондай-ақ Думан Мұхамедкәрім мен Әйгерім Тілеужан істері бойынша өткен сот отырыстары, сондай-ақ Қаңтар оқиғаларына байланысты процестер туралы ашық жазған. Бір жыл бұрын Ринат Рафхат бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген 16 жастағы Шерзат Полаттың ісін де тікелей бақылап, маңызды деректерді назардан тыс қалдырмауға тырысып, заңбұзушылықтар жөнінде ақпарат жариялап отырған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler