Әйнек сынығы. Әуеде ақау шыққан ұшақ кері қонды

336
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TNM3X9UUpB98mPldkVz61hgESnmaKxwdVuAHegqk.jpg

Амстердамнан Бразилияға бағыт алған жолаушылар лайнері ұшып шыққан әуежайына шұғыл түрде қайта оралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі MK.RU-ға сілтеме жасап.

Бұл шешімге экипаж кабинасындағы әйнектің зақымдануы себеп болған.

Ұшақ әуеде тоғыз сағат болғаннан кейін Амстердамдағы Схипхол әуежайына сәтті қонған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Алматыдан Бангкокқа бет алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық себепке байланысты Делидегі әуежайға қонуға мәжбүр болған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler