Аты аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов өмірден өтті

508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iuhssUsVOhbfC26jwIAJG2gTMmFaTCJqbBmJo1Qh.jpg

Бүгін қазақ театр және кино өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Қазақ сахнасының абызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі, режиссер, театрымыздың негізін қалаушы көркемдік жетекшіміз, аяулы ұстазымыз Асанәлі Әшімұлы өмірден өтті. Бұл туралы Әшімов театры жазды, деп хабарлайдя “Адырна”.

“Бұл — бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің қоштасуы.

Асанәлі Әшімұлы — қазақ өнерінің биігін әлемге танытқан, сахна мен экранда ұлттық рухты асқақтата білген бірегей тұлға еді. Оның әр рөлі — тарих, әр бейнесі — тағдыр, әр сөзі — мектеп болды. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті.

Ұстаз ретінде талай буынға бағыт-бағдар беріп, өнердің жауапкершілігін, актерлік мамандықтың қасиетін шәкірттерінің жүрегіне сіңіре білді. Театрдың іргесін қалап, шығармашылық жолын айқындап, ұлттық мәдениеттің шамшырағына айналдырды. Оның еңбегімен қазақ театры мен киносы жаңа белеске көтерілді.

Бүгін қазақ театр өнері қара жамылды. Сахна үнсіз қалғандай, залдың ауасы ауыр тартқандай. Бірақ Асанәлі Әшімұлының өнері, рухы, аманаты — мәңгі тірі. Ол халықтың жүрегінде, көрерменнің жадында, сахна төрінде өмір сүре береді.

Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын, ұлы тұлға. Қазақ елі Сізді ешқашан ұмытпайды”, - деп жазды театр.

Yorumlar
Diğer Haberler