"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3bqgH2gDZRPBJXP65pOd7FJw5tVGoGH3pU0XKgPx.jpg

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасын ілгерілету мақсатында Жезқазған мен Қаражал қалаларында жастардың қатысуымен маңызды экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралардың мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін күшейту.

Жезқазған қаласында «Экология және жастар белсенділігі» атты кездесу өтіп, жастар арасында экосана қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Шараға Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратұлы жастардың экологиялық бастамаларға қатысуының маңызын атап өтіп, табиғатты қорғауды әр азамат өзінен бастау керектігін айтты.

Қаражал қаласының жалпы білім беру мектептерінде «Таза қала» тақырыбында бір мезетте экологиялық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтарда оқушыларға тұрмыстық мәдениет, қоқысты дұрыс сұрыптау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдылары түсіндірілді.

Сабақтың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа тазалық мәдениетін қалыптастыру.

2025 жылдың басынан бері Ұлытау облысында 13 облыстық және 17 қалалық сенбілік өткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған бастама ғана емес, сондай-ақ рухани тазалықтың, адалдық пен отансүйгіштіктің идеологиясы.

Yorumlar
Diğer Haberler