Чемпиондар лигасы. «Қайрат»құрамасы «Олимпиакосқа» есе жіберді

313
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7r8iKgEaiNAiXAJyPT0aA1G6zqPS6c0YXzytasy0.webp

Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алтыншы тур ойынында Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) клубымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесуде «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин негізгі құрамға Темірлан Анарбеков (қақпашы, капитан), Луиш Мата, Александр Широбоков, Егор Сорокин, Еркін Тапалов, Олжас Байбек, Дан Глейзер, Александр Мрынский, Гиорги Зария, Рикардиньо және Эдмилсонды шығарды.

Алғашқы кезеңде грекиялық клуб та, "Қайрат" құрамасы да гол салмады. Жанкүйерлер футболшылардың тартысты ойынын тамашалады.

Екінші таймда қос команда да қарқынын үдетіп, шабуылды жиілетті. Ойынның 73-минутында «Олимпиакостың» футболшысы Желсон Мартинш дәл соққысымен есепті ашты.

Қорытынды есеп — 0:1, «Қайрат» өз алаңында қарсыласына жол берді.

Yorumlar
Diğer Haberler