Өңірде киік етін өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.
Батыс Қазақстан облысы киігі көп өңірлердің бірі болып саналады. Биыл өңірде киік етін қайта өңдеу өндірісін дамыту мақсатында Қытайдың Chengtian Runkang Pharmaceutical компаниясымен бірлескен жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар Чехияның Sklostroj компаниясымен бірлескен жобада контейнерлік шыны өндірісіне арналған жабдықтар шығарылады. Аталған жобалардың қатарында тері өңдеу зауытын жаңғырту және Орал қаласындағы кәріз тазарту нысанын қайта жаңарту жұмыстары да бар.
Бұл бастамалар өңірдің өңдеу саласын дамытуға және жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік береді.