Қоқыс жинаған бүлдіршін көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді

173
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wlqJiNCMcOGgPbhtT2V9Xc6NXLkEwHTrVAnAx3KL.webp

Қызылорда қаласында сауда орталығының алдында жерге шашылған қоқысты жинап, жәшікке тастап жүрген кішкентай баланың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көпшілікті сүйсіндірген бүлдіршін — жасы үшке толмаған Әзизхан Серік.

Бейнежазбаны анасы Айзат Жұмағали отбасымен бірге кинотеатрдан шыққан сәтте түсіріп алған. Оның айтуынша, бала жерде жатқан қоқысты бірінен соң бірін алып, арнайы жәшікке тастап жүрген.

"Таскиге бара жатқанда Әзизхан айналадағы қоқысты жинай бастады. Баламның тілі әзірге кеш шығып келеді, сондықтан әрбір әрекетін жиі видеоға түсіріп отырамын. Тазалыққа деген әдетті әжесінен үйренді. Видеоны әзілдеп, туыстар мен достардың WhatsApp тобына салған едім. Олар бір-біріне таратып, ұлым бір күнде танымал болып кетті", — деді анасы.

Баланың бұл игі ісі назардан тыс қалмады. «Қызылорда тазалығы» мекемесінің ұжымы бүлдіршінді ата-анасымен бірге арнайы шақырып, алғыс білдіріп, марапаттады.

"Бұл әрекет бізді де толқытты. Кішкентай болса да, Әзизханның жасаған қадамы — баршаға үлгі. Тазалық — жауапкершіліктен басталады, ал ол осының жарқын дәлелі", — деді кәсіпорын директоры Сапарғали Асылбеков.

Yorumlar
Diğer Haberler