«Қазақтың Робин Гуды» сотталды

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sP70aKzBNVFNrFZvH2v9sSMGP6rzvL8CyHlK0vj0.jpg

Елге көмек” қорының жетекшісі Ілияс Сәриевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна”.

Тергеу мәліметінше, Сәриев ауыр науқастарға көмек жинау туралы видеоларды жариялап беремін деп, олардың туыстарынан ақша алған. Алайда уәде еткен контентін салмаған. Барлығы алты адам зардап шеккен.

Сондай-ақ ол Ақтоты Дүйсееваға тиесілі қажылық турфирмасын жарнамалап, 20 адамның алданып қалуына себеп болған. Жалпы шығын 35 миллион теңгеден асты, жәбірленушілердің шығыны 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін жеткен.

Сотта Сәриев өзін кінәсіз деп мәлімдеді. Инстаграмдағы охват төмендеп кеткенін, видеоларды жарияламауына осы себеп болғанын айтты. Турфирма ісі бойынша да өзін ақтады. Ал Дүйсеева бұған дейін Сәриев оның шоттарынан ірі көлемде ақша шешіп алып, құмар ойындарға жұмсағанын айтқан.

Сәриевтің адвокаты оны 20 эпизод бойынша ақтауды сұрап, алты эпизодты әкімшілік іс ретінде қарастыруды ұсынды. Адвокат Сәриевтің қоғамға еңбегі бар екенін, «Робин Гуд» атанғанын айтты.

Соңғы сөзінде Сәриев көз жасын тыя алмай, бес баласы барын айтып, жазаны жеңілдетуді және амнистия қолдануды сұрады.

Ал жәбірленушілердің адвокаты істің ауыр санатқа жататынын, амнистия қолданылмайтынын ескертті.

Сот шешімі бойынша Ілияс Сәриев 3 жыл 8 айға, “MM Travel” директоры Ақтоты Дүйсеева 3 жылға сотталды.

Дүйсееваның кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, оның жазаны өтеуі кейінге қалдырылып, ол сот залынан босатылды.

Yorumlar
Diğer Haberler