Министр жол апатынан қаза тапқан фельдшердің отбасына көңіл айтты

536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YpDE1IJ3hhaCVS1EmJQBI88JlcEarvqyslIeDhks.jpg

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыда жол апатынан көз жұмған 23 жастағы фельдшер Насиба Жаңабаеваның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі.

«Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.

Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды.

Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын»,- деді ол.

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанға қараған түні болған еді. Полицейлердің мәліметінше, жедел жәрдем бригадасының жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Бұрылып жатқан сәтте оңтүстікке қарай келе жатқан Kia маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам зардап шеккен. Ал ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тапсырған.

 

 

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler