Ресейдегі жағдайдан кейін. Түркия Қазақстан мұнайының импортын арттырды

455
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iSsNUnK6SrGVmJjDv9v9VLvYQLqx91DZ4RvscA21.webp

Түркия қараша айында Ресейдің Urals маркалы мұнайын импорттауды едәуір азайтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

Kpler және LSEG сараптамалық платформаларының деректері жарияланған.

Сарапшылардың пікірінше, Анкара мұндай қадамға Ресейдің «Роснефть» пен «Лукойл» мұнай компанияларына қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін барған. Мәліметтерге сәйкес, қараша айында Түркия Urals маркасының тасымалын қазан айымен салыстырғанда тәулігіне 100 мың баррельге қысқартқан. Қазан айында бұл көрсеткіш тәулігіне шамамен 200 мың баррель болған.

2022 жылы Еуропа елдері Ресей мұнайынан бас тартқан соң, Түркия Үндістаннан кейін Urals маркасын ең көп импорттайтын мемлекеттердің біріне айналған еді.

Kpler дерегінше, Түркия Urals көлемін қысқартумен қатар, мұнай жеткізілімін әртараптандыруға көшкен. Атап айтқанда, Қазақстанның CPC Blend және KEBCO маркаларының, сондай-ақ Ирактың Basrah маркалы мұнайының импортын арттырған.

Yorumlar
Diğer Haberler