Ғибратты ғалымдармен сыр-сұхбат

440
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uBWEC26qh5FPEZG4WLLKE9xMuaPyC2UIbtPwdTcl.jpg

Шымкент қаласының Мәдениет және өнер күндері аясындағы шаралар  легі  Семей қаласындағы Абай кітапханасынан бастау алды. 

Семейлік оқырман қауым Ғибратты ғалымдармен сыр - сұхбат  алаңында әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кұлбек Ергөбек және филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы ғалым Ақжол Қалшабектермен жүздесті.

  Шараға келген қатысушыларды «Шымкент – көне қала» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды.

 Қос қаланың мәдени ынтымақтастығын арттырып, әдеби орта өкілдерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасауға ұйымдастырылған шарада Семейлік оқырмандар Шымкенттік қаламгерлер Құлбек Ергөбек пен Ақжол Қалшабектердің шығармашылығымен кеңінен танысты. 

Қаламгерлер мен оқырмандар еркін пікір алмасып, зор рухани әсерге бөленді.

Рима Қанапияқызы

 

Yorumlar
Diğer Haberler