Қытай Такла-Макан шөлін «жасыл белдеуге» айналдырды

1190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8F9kNFaicqR7azwJcvhwVxGZmzTLw7lztllXSKV4.jpg

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Такла-Макан шөлінің айналасын көгалдандыруға бағытталған 46 жылдық бағдарлама аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Жасыл белдеу» шамамен 3 мың шақырымға созылады. Жоба 1978 жылы басталды. Ол шөлейттенуді тоқтату және көктем мезгілінде аймақтарды жиі болатын құмды дауылдарды азайтуды мақсат етеді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бағдарлама аясында 30 млн гектардан астам аумаққа ағаш отырғызылған.

Егер 1949 жылы Қытай аумағының орманды бөлігі небәрі 10 % болса, 2020-жылдардың басында бұл көрсеткіш 25 %-ға жеткен.

«Жасыл аймақ» құру үшін ондаған жыл бойы түрлі ағаш және өсімдік түрлерімен тәжірибе жүргізіліп, ең төзімділері анықталған. Алайда жоба сыншылары отырғызылған ағаштардың өміршеңдігі бәрібір төмен екенін айтады.

Қытай алдағы уақытта да ағаш отырғызуды жалғастырып, ауыл шаруашылығы жерлерін қорғауға арналған жаңа жүйелерді құруды жоспарлап отыр. Барлық күш-жігерге қарамастан, қазірдің өзінде ел аумағының шамамен 27 пайызын шөлдер алып жатыр.

 

Yorumlar
Diğer Haberler