Армения қазіргі кезеңде ҰҚШҰ-дан шығу мәселесін талқылап жатқан жоқ. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарян мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазір Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы мәселесі Сыртқы істер министрлігінің күн тәртібінде жоқ. Бізге мұндай міндет қойылған емес», — деді ол.
Оның айтуынша, Арменияның ҰҚШҰ бағытындағы ұстанымы мен өзара іс-қимыл форматы белгілі.
«Біз ҰҚШҰ жұмысына қатыспаймыз, бірақ шешімдер немесе құжаттар қабылдау процесіне кедергі жасамаймыз. Қазіргі кезеңдегі біздің саясат — осы. Армения сыртқы саясатын өз мүдделері мен қалыптасып жатқан жағдайға қарай жүргізеді», — деп атап өтті Сафарян.
Еске салайық, 2024 жылдың шілдесінде премьер-министр Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы «ең ықтимал нұсқа» екенін айтқан еді.