Президент Қасым-Жомарт Тоқаев World Boxing президенті Геннадий Головкинді марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президент Головкиннің қазақ боксын әлемге танытып, Қазақстанның спорттағы беделін арттыруға қосқан үлесін атап өтті.
Сондай-ақ, спортшының Ұлттық Олимпиада комитетіндегі басқарушылық қызметін жоғары бағалап, оның халықаралық ынтымақтастықтағы жетістіктеріне тоқталды.
Головкинге World Boxing федерациясын басқаруда жаңа міндеттер жүктелген. Президент оның кәсіби тәжірибесіне сенім білдірді.
Головкинді I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.