Бес көлік соғылып, жаппай жол апаты болды

515
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматыда 8 қарашаға қараған түні Шығыс айналма жолында жаппай көлік апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға орнында бес автокөлік соқтығысты.

Алдын ала ақпарат бойынша, Шығыс айналма жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Audi A4 жүргізушісі көлікті басқара алмай, Kia Sportage автокөлігімен соқтығысқан. Сол сәтте Kia көлігі JETOUR маркалы автомобиль мен жолдағы қоршауға соғылған.

Оқиға орнында екінші апат 10-15 минут шамасында тіркелген. 

Қоршауға соғылған Kiа-ға Hyundai Lafesta мен Mercedes-Benz келіп, соқтығысты.

Нәтижесінде бес көлік жолдың ортасында тұрып, қозғалысты бөгеп, көктайғақ салдарынан қауіпті жағдай туғызған.

ПД мәліметінше, апаттан қаза тапқандар жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler