Милан қаласындағы әлемге әйгілі «Сан-Сиро» стадионы бұзылатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы БАҚ беттерінде ақпарат тарап кетті.
Чемпиондар лигасының 4-турында «Қайрат» пен «Интер» арасындағы ойын өткен "Сан-Сиро" стадионы футбол тарихындағы ең танымал ареналардың бірі саналады. Алайда енді ол өз қызметін тоқтатпақ.
Миланның екі алып клубы — «Милан» мен «Интер» — ортақ стадионның қазіргі талаптарға сай келмейтінін айтып отыр.
«Стадион ескірген, қазіргі заманғы футбол инфрақұрылымына қажетті жабдықтар жетіспейді. Бізге жаңа, заманауи стадион қажет», — делінген клубтардың бірлескен мәлімдемесінде.
«Сан-Сиро» стадионы (ресми атауы — «Джузеппе Меацца») 1934 және 1990 жылдардағы әлем чемпионаттарының матчтарына, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының төрт финалына (1965, 1970, 2001, 2016) куә болған.
Сондай-ақ 1980 жылғы Еуропа чемпионатының үш шешуші ойыны дәл осы аренада өткен еді.