Қытай компаниялары да Ресей мұнайынан бас тарта бастады

797
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kh1wWKzspcfIU8uRoZwej5glwm3m1a1Mfi8VqMRD.webp

Қытайдың жетекші мұнай өңдеу корпорациялары Ресей мұнайын сатып алуды тоқтата бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bloomberg агенттігіне сілтеп.

Мәліметке сәйкес, мемлекеттік Sinopec және PetroChina компаниялары Ресей мұнайының бірнеше партиясынан бас тартып, жаңа келісімдерді уақытша тоқтатқан. Бұл үрдіске тәуелсіз мұнай өңдеушілер де қосылған. Олар да екінші деңгейлі санкцияларға ілігуден қауіптеніп отыр. Бұған дейін Ұлыбритания мен Еуроодақ санкция тізіміне енгізген Shandong Yulong Petrochemical компаниясының мысалы да Қытай нарығында алаңдаушылық тудырған.

Rystad Energy сарапшыларының бағалауынша, Қытайдағы «сатып алушылар бойкоты» Ресейдің Қытайға бағытталған мұнай экспортының шамамен 45 пайызын қамтыған. Ең көп зардап шеккен – дәстүрлі түрде «Шығыс Сібір – Тынық мұхиты» құбыры арқылы жеткізілетін ESPO маркалы мұнай.

Сұраныстың төмендеуіне байланысты ресейлік жеткізушілер мұнайды жеңілдікпен сатуға мәжбүр. Егер қазан айының басында ESPO сорты Brent бағасына $1 үстемемен сатылса, қазір ол $0,5 жеңілдікпен ұсынылуда.

Сарапшылардың пікірінше, санкциялық қысым мен Қытай компанияларының сақтығы сақталған жағдайда Ресейдің Азиядағы мұнай экспорты ондаған пайызға қысқарып, жеңілдіктер көлемі айтарлықтай өсуі мүмкін.

Yorumlar
Diğer Haberler