Таразда қыз алып қашуы мүмкін делінген үш күдікті қамауға алынды

1486
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BNgpxiTEDPMTFBPlcQByV1x4RsKjvBDLE24g5OOt.jpg

Таразда автобус күтіп тұрған қызды күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев олардың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Айтуынша, тергеу Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы («Неке қиюға мәжбүрлеу») бойынша жүргізіліп жатыр.

«Істің тергеу барысы министрлік басшылығының ерекше бақылауында. Барлық кінәлі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады»,—деді ол.

Жамбыл облыстық полиция департаменті тараптардың бұған дейін бір-бірін танығанын және өзара шағымдары жоқ екенін жеткізді. 

Yorumlar
Diğer Haberler