Ақтөбеде 12 адамның қазасына байланысты Республика күні гала-концерт өтпейтін болды

723
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QboUn6wxvsrbi2AfhG1eXfy8Q3oVIbvzhDmM9rHG.webp

Ақтөбеде 12 адамның өмірін жалмаған жол апатына байланысты Республика күніне арналған гала-концерт өтпейтін болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Әкімдіктің хабарлауынша, «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтеді деп жоспарланған гала-концерт пен отшашу болмайды.

«25 қазан күні сағат 19:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде қалыптасқан жағдайға байланысты өтпейді», - делінген облыс әкімдігінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, кеше таңғы сағат 08:40 шамасында Ақтөбе облысында Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.

Қаза болғандардың ішінде екі кәмелетке толмаған бала бары анықталды. Олардың біреуі 2022 жылы, біреуі 2016 жылы туған. Сондай-ақ, бір үйдің адамдары да бар.

Апаттан кейін Қазавтожол республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шұғыл шектеу қойды.

Yorumlar
Diğer Haberler